Енді мұғалімнің біліктілігі қалай анықталады?

0
2046

Алдағы уақытта мұғалімдер қазіргідей «аттестация тапсырам» деп шаршап, шалдықпайды. Мұғалімнің біліктілігін басқаша жолмен анықтау ұсынылмақ.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Бәрі ашық» жобасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Democrat.kz.

Министрдің айтқанынан түсінгеніміз, алдағы уақытта мұғалімнің біліктілік дәрежесі автоматты түрде анықталып отыратын болады.  «Ұстаз» платформасы арқылы, адами факторсыз мұғалімнің біліктілігі анықталады.Қарапайым тілмен айтқанда, қазіргідей «тесттен ақша беріп өту», «танысы арқылы аттестация тапсыру» сияқты дүниелер жойылады.

Мұғалімнің біліктілігі сырттай, автоматты түрде қалай бағаланады?

«Қазіргі кезде пилоттық жобада іске қосылған «Ұстаз» платформасы өз нәтижесін бере бастады. Мұғалім алаңсыз өз сабағын береді. Оқушының табысты болуына бар зейінін бұру керек. Ал автоматтық жүйе оның барлығын қадағалап, ортақ платформа арқылы мұғалімнің қандай деңгейге өскенін практивті түрде анықтап, мұғалімнің өзіне жіберіп отыруы керек», — деді министр.

Мұғалімнің біліктілігі оқушының жетістігімен қалай бағаланбақ?

«Баланың жетістігі дегеніміз олипиада ғана емес. Олимпиададан оқушының жетістігі — басқа категория. Мұғалімнің біліктілігін анықтау үшін «Күнделік», жасанды интеллект т.б қолданылады»,- деді министр.

Фото интернеттен алынды.