Харам, зиян аяқкиім туралы білесіз бе?
Артем әлде орталық базар, Биг шанхай тіпті жекелеген аяқ киім сататын магазиндер мынадай ұлтарақ төселген қыздардың аяқ киімінен қашып құтыла алмайсыз.
Барсаң сапсиған сақалы бар білдей-білдей намазхан жігіттер мен оранған қыздар шімірікпей сатып тұрғаны. Неге шімірікпей?
Мына қызықты қараңыз, әр жануардың түк шығатын тесікі әртүрлі болалы екен. Біреуінікі қатар-қатар, біреуінікі үзік-үзік деген секілді.
Солардың ішінде Мики Маус таңбалы түктің тесігі бар. Бұл ең арзан, әр қол жетімді көптеген сумка, белбеу, аяқ киіммен қатар, аяк киімнің іші-сыртына, табанынна ұлтарақ ретінде пайдаланылады.
Бұл Мики Маус таңбалы деп жұмбақтап отырған теріңіз қалай тартсаң да созыла беретін шошқаның терісі еді. Суреттерге қараңыз. Мұқият қарасаңыз үш тесіктің Мики секілді, екі тесігі үстінде, қалған біреу екеуінің ортасына орналасқанын байқайсыз.
Енді бұның не зияны бар. Шариғаттың шектеуінен бұрын бұл теріні әсіресе табанға салу өте зиянды болып келеді. Табан деген адам денесін жаншылып жүріп тік көтеретін, ең көп пайдаланатын бір ағза.
Сол көп пайдаланатын ағзаңызды аяқ киіммен қаптап тұншықтыратынымызды қосыңыз. Сол тұншығысты шошқаның терісі қапталған ұлтарақпен көмкеріңіз.
Арғы жағын айтпасақ та түсінікті. Соны тері табан, артетикалық табан деп сатушылар біліп-білмей сатады. Егер бұл жер де қой терісі не сиыр терісі болса онда әңгіме басқа.
Бұл шошқа терісі өзі арзан бір бәле болғасын, оны тауар бағасын арзандатуға пайдаланады. Бірақ, одан өндірушілер пайда таппаса, алушылар пайда таппайды. Арзан аяқ киім аламыз деп аяқ терісін бала жастан бұзып аласыз.
Себебі, шошқа терісін мың мәрте мәнерлеңіз де оның терісінің шуаш иісін еш кетпейтіндігі еді. Ресейдігі деп сатылып жатқан мынау маркалар ресейліктер мен біздің қазақтардың қытайға тікелей заказ беруімен жасалып жатқанын ұғыстық.
«Арғымақ», «Тұлпар» дей ме, қанша қазақша бренд берілгенімен бұның жайлылығынан зияны көп.
Қазір мектеп алды дайындық болғандықтан базар аралаған ата-аналар үнем жасаймыз деп қалай қақпанға түскенін білмей қалып жатыр.
Егер, магазинге кіріп келген шақта ұлтарағы аппақ болып бірден көзіңе түсетін бұл аяқ киім көрсеңіз алмай қашыңыз. Арзан, арзан деп жүріп балаңыздың аяғына шошқа терісін төсеп бермеңіз.
Бұндай аяқ киімдер баланың аяқ терісін бұзып, иістендірсе, ол аздай шошқа терісімен жас ағзаға шошқаның тері талшығындағы қандай паразит, микробтар өтіп жатқанын тағы білмейсіз ғой.
Сондықтан баласын киіндіріп жатқан ата-аналарға ескерту табанында ретті үш тесігі бар аяқ киім көрсеңіз алмай кетіңіз. (Қалай қарасаңыз да үш тесікті оңай ажырата аласыз)
Және сатушыларға, көтерме тасушыларға ескерту: «Совенек», «Загадка» т.б. маркалы аяк киімнен миллион доллар тапсаңыз да сатылымнан алып тасаңыз, пайданың да көретін, көрмейтін жерлері бар.
Дәл осы шошқа терісі төселген балалар аяқ киімін тасымалдамаңыз да, сатпасаңыз деген өтінішіміз бар.
Жақсыбек ҚАҚАН, Facebook жазбасы.
Фото автордың парақшасынан алынды.