Храпуновқа тықыр таяды

0
219

Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов АҚШ-та «күмәнді ақшаға» жылжымайтын мүлік алған кәсіпкерлер тізіміне кірді. Швейцарияда тұрып жатқан Храпунов туралы ақпарат Global Financial Integrity тергеуінен бірақ шыққан. Құжатта АҚШ-та кейінгі 20 жылда алынған коммерциялық мүліктер туралы ақпарат қамтылған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы ақпарат Shishkin like арнасында пайда болды. Ондағы мәлімет бойынша, 20 жылда алынған коммерциялық мүліктер туралы ақпараттың ішінде 25 жағдайда мүлік заңсыз, болжам бойынша заңсыз немесе күмәнді ақшаға сатып алынған. Үш сатып алушы Қазақстанмен байланысты болып шыққан. Оның ішінде: Виктор Храпунов, Сауат Мыңбаев (бір кездері мұнай және газ министрі болған адам)  және Асқар Алшынбаев (Қазкоммерцбанктің бұрынғы басшыларының бірі) бар.

Global Financial Integrity зерттеуіндегі деректер бойынша, аурухана ғимаратын, бизнес кеңсе ғимаратын және супермаркет сатып алынған. Олардың жалпы құны 35 миллион доллар. Сатып алу делдалдар арқылы өткен. Одан бөлек, Храпунов 2013 жылы швейцариялық делдал компания арқылы Нью-Йоркте 600 мың шаршы фут нысанды сатып алған. Америкалық репортерлер бұл нысанды нақты кім сатып алғанын анықтауға тырысқанымен компания өкілдері бетін планшетпен бүркеп, қашып кеткен.

Фото интернеттен алынды.