Қайрат Нұртастың ұл-қызы демалыста не істейді?

Қайрат Нұртастың ұл-қызы демалыста не істейді?
Тура 1 айдан кейін балалар демалысқа шығады. Біздің үйде жылдағы дәстүр бойынша жазды жоспарлау процессі басталды” деп жазады Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз.  Өзінің Инстаграм парақшасында Жұлдыз Әбдікәрімова ұл-қызының жазғы демалыста не істеп, не қоятынын тәптіштей жазып, басқа да жоспарларымен бөлісті. Сезім 10-сыныпты бітіріп жатыр. ҰБТ, SAT, IELTS, тест сұрақтарына бас көтермей дайындалып жүр. Химия және биология бағытын таңдап отыр. Жазда Кореяға осы бағытта 3 аптаға дайындыққа барады. Сондықтан бізге көп уақыт бөле алмайды. Алау 7 жасынан ALL STYLE бағытында билейді. Өзіне қатты ұнайды. Биыл екінші рет АҚШ-қа Қазақстан атынан жарысқа барады. Нарұл осы жылы хоккейді ат спортына ауыстырды. Сол сәттен бастап қолы қалт етсе атқа мініп алады. Жазда республикалық жарыстарға қатысамын деп алып-ұшып жүр. Менің құзырымда қалғаны ХАН ғана болып тұр, екеуміздің әзірге жоспарымыз біраз кітаптар оқысақ дейміз. Мектеп жасындағы балаларға мен ұсынатын 5 шығарма: 1. Бердібек Соқпақбаев - «Менің атым - Қожа». 2. Мұхтар Мағауин - «Тазының өлімі». 3. Сайын Мұратбеков - «Жабайы алма». 4. Антуан де Сент-Экзюпери - «Маленький принц». 5. Александр Грибоедов - «Горе от ума». Менің тізімімді жалғастыра отырыңыз. Сіз қандай шығарманы оқуға кеңес бересіз?” деп жазады Жұлдыз. Фото ашық дереккөзден алынды.
Барлық жаңалықтар