«Қатты қорықтым…» дейді Ләйлә Сұлтанқызы
Белгілі журналист Ләйлә Сұлтанқызы сапарға кеткен ұлының жағдайына алаңдап қалғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Медиа маманының ұлы Астанаға жете алмай, Түркістанға кетіп қалған.
“Кеше ұлым Дишинка апамен бірге сағат 1-де Астанадан Алматыға ұшуы керек еді. Scat рейсі қайта-қайта кейінге шегерілді. Қандай да бір себептерге байланысты шығар, білмеймін.
Сосын балам FlyАrystan ұшағына отырып, кешке қонуы керек еді. 19.00-ден бастап балама хабарласамын, телефоны өшірулі. Кеш болды, бір уақытта, 21.00-ге таман ғой деймін, баламнан хабарлама келіп тұр: «Анашым, біз Түркістанға қондық. Алматының ауа райына байланысты.
FlyАrystan шұғыл Түркістанға қарай ұшып кетті» деген. Ойбай, енді не болады, 22.00-дегі рейстің күйетіні бар, бұл қалай болады, баланың қорыққаны бар.
Екі-үш рет Алматының үстінен айналып, ұшақ қона алмаған. Себебі кеше Алматыда жаңбыр болды, жел болды. Қасында отырған Ерболат Жанабылов тіпті қоштасу видеосын жазған.
Оны балам айтқанда тіпті қорықтым. «Анашым, бар білетін 2-3 дұғамды оқыдым. Қайта-қайта оқыдым дейді. Таңертең тұра сала мал садақа, мешітке садақа беріп, Құран оқыттым, апаны шайға шақырдым. Аман болайық!» – деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.