Киіз үйде жалаңаш билеген қыздар жазаланады

0
578

Қамзол мен биік өкшелі аяқ киім киіп, жартылай жалаңаш киіз үйдің ішінде билеген қыздардың видеосынан кейін полицейлер тергеу амалдарын бастады. Тиісті сараптама да жасалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жастардың бейәдеп қылығынан кейін Мәжілістің жиырма шақты депутаты Бас прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне депутаттық сауал жолдап, бейнеролик бойынша құқықтық баға беруді сұраған болатын.

Бас прокуратураның ресми жауабына сүйенсек, видео Алматы облысының Қарасай ауданында түсірілген.

«Осы факті бойынша 2024 жылғы 1 шілдеде Қарасай ауданының полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-бөлігімен (əлеуметтiк, ұлттық, рулық, нəсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Бүгінде қылмыстық іс аясында тиісті сараптама тағайындалды, орын алған жағдайдың мəн-жайларын анықтауға бағытталған тергеу əрекеттері жүргізіліп жатыр», — деп жауап берген бас прокурор Берік Асылов.

Тергеу нəтижесі бойынша құқықтық баға беріліп, қылмыстық іске процестік шешім қабылданады.