Күзде пандемия бастала ма?

0
126

Қазнетте АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC) биыл күзде жаңа пандемия болатыны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы видеода ведомство басшысы Мэнди Коэн айтқан. Видеода айтылған ақпарат жалған, деп KAZ.NUR.KZ Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақпараттың шынайылығын тексеертін сайттың мәліметі бойынша наурыз айының басында Мэнди Коэн БАҚ-қа күзде жаңа пандемия емес, COVID-19 қарсы вакцинаның жаңартылған нұсқасы шығатынын айтқан. Сонымен бірге ол видеодағы сөзінде америкалықтар тұмауға қарсы екпе ала бастайтынын, қазіргі уақытта ғалымдар вакцинаның соңғы нұсқаларын да шығарып жатқаны айтылған.

Коэн бұған дейін CDC Консультативтік комитетінің иммундау тәжірибесі бойынша ұсынысын мақұлдаған. Ол 65 жастан асқан ересектерге қатысты. «Бұл адамдар коронавирустық инфекцияға қарсы екпенің қосымша жаңартылған дозасын алуы керек. Сондай-ақ, иммунитеті әлсіреп, аурулармен өздігінен күресе алмайтындар COVID-19-ға қарсы қосымша егу құқығына ие», — деген ол.

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы осы күзде жаңа пандемия дайындап жатқаны туралы ақпарат жалған. Мэнди Коэн халықты COVID-19 қарсы иммундау басталатын күнді ғана атады. Оның сөзінше, зерттеушілер мутацияға ұшыраған SARS-CoV-2 вирусына қарсы тиімді жаңартылған вакцинаны әзірлеп жатыр.

Фото интернеттен алынды.