Қыздар «халал биімен» хит болып жатыр
Әлеуметтік желіде хиджаб киген қыздардың бір жиын-тойдағы биі қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.
Қыздардың жұлқына билеген бұл видеосы қай жерде, қай тойда түсірілгені белгісіз. Әйтеуір байқағанымыз, бірнеше хиджабтағы қыздың тайлақтай ойқастап, ортаны бермей билегені.
Былайғы жұрт үшін хиджабтағы қыз-келіншек — имандылықтың үлгісі. Олардың басындағы орамалы мен әуретін жапқан ұзын етегіне қарап, намазхан, иманды, құран оқитын таза әйел деген түсінік бар қоғамда.
Өкінішке қарай, соңғы уақытта орамалды қыз-келіншектердің көрер көзге өте әбес әрекеттері әлеуметтік желіде қаптап кетті. Бірі бейәдеп сөз айтса, енді бірі әдепсіз қылықтар жасап, жұртты тіксіндіруде.
Төмендегі видео да солардың бір көрінісі. Етегі қысқа қыздарға жамандық біткенді жабыстыратын кісілер бұған не айтар екен? Имандылық киіммен өлшенбейтінін мойындар ма екен?
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.