Қыздың баласын «жиен» деу — әйелді күңге теңеп, кемсітуден шыққан

0
1004

Бірнеше күннен бері қоғамның талқысына түскен «қыздан туған бала — немере болмайды» деген пікірге қатысты әлеуметтік желіде жарияланған мына пікірлер Democrat.kz. сайтының назарына ілікті. 

«Немере деген ата мен әжеге ғана қатысты сөз. Мысалы, ағайынның немересін менің немерем деп айта алмайсыздар, пәленшенің немересі дейсіздер, ал жиен деп иттің итақайы да жиенім деп айта береді, неге қыздың әке шешесі өзгелермен бірдей қыздың баласын жиен деу керек.

Туыстығы анау алыстағы нағашылармен бірдей ме еді?

Бұл жерде тіпті қызды емес, қыздың әке шешесін немере дегізбей, кемсіту.

Сіңлісінің баласы да жиен, өзінің туған қызының баласы да жиен, елмен бірдей ғып жиен деп ататқызып, қыздың әке шешесіне артын ашып тұрып күлу, мысқылдау, «сенің балаң емес, ол-қыз» деген, біздің 6-да шай құйып беретін құлымыз деген күлкі. Күңнің әке шешесі болатын ба еді. Соны меңзегені.

Сосын қызды кемсітетін баяғы заман өтті, ғылым бойынша қыз да ұлмен бірдей өз ата анасының генін таратады, қыз туған балада тек оның ата-енесінің, күйеудің қаны ғана жүрмейді, қыз жақтың да қаны бірдей жүреді. Бірдей пайыз. Өтіміз жарылса да — сол.

Айтпақшы, ажырасқанда немерем деп еміреніп отырған енелер немересін келінге ұстатып, арттан бір теуіп, айдалаға қанғытып жібереді, үйді бөліспесін деп еркек шешесінің атына жазады, әкесі алимент төлемей қашады, тек бала 18-ден асқанда, өзі қартайғанда барып, баласын есіне алады, онда да асырайтын біреу керек болса, былайша немересінде шатағы жоқ.

Немерем деп айта аласың ба басқа туыстарыңның баласын? Айтқан адамды көрген емеспін, ешкім ешкімнің баласын менің немерем демейді, ал жиен деп қыздың да әке шешесі айту керек, алыс туыс та жиенім деп айтады не ол? Не сұмдық ол??

Қыздың баласын нағашы жұрт айтсын жиен деп, бірақ қыздың әке шешесі ол балаға ата мен әже ғой?! Демек, ол бала — немере! Немере сөзі тек ата мен әжеге қатысты сөз. Немере болған жерде ата мен әже болады, ата мен әже болған жерде немере болады.

Немере=ата/әже, ата/әже=немере. Ал жиен = «племянник», нағашының жиені. Қызын педофилге малға сатқан бұрынғыларға, қызын жатжерлік деп ененің тепкісіне салып беретін қазіргілерге қыздың баласы жиен бола берсін, ал қызға «өзімнің балам» деп қарайтын, қорғап жүретін бізге қыздың баласы немере болсын. Солай келістік!

Жиен, қыз жатжұрттық, ененің ризашылығы, келіндік міндет деген редфлаг сөздер бар, сондайды айтқан семьядан қыздар аулақ болуы керек» деп жазады белсенді әлеуметтік желі қолданушы Айла КЕР.

Осыған ұқсас келесі пікірді қоғам белсендісі Нұрым САЙЫН: «Санасын дамытуға ұмтылған елдің халқы жаңа технологияларды сөз етсе, біздің қоғам «жиен, немере, қыздың баласы» деген надани түсініктің төңірегінде бірінің етін бірі жейтіндей, қырылып, пікір жазып, әлеуметтік желіде отыр.

«Жиен» мәселесінің аса маңызды болғаны сонша, бұл тақырыпқа үлкен-кіші, еркек-әйел жаппай араласып, тіпті депутатқа дейін леп белгісімен бас әріпке толы пікір жазыпты. Міне, біздің деңгейіміз!

«Жиенді» немере деп қабылдасақ не болады? Жиенді немере деп қабылдасақ, онда әйелдің де бұл жер шарында орны құнды екені мойындалады.

Жиенді немере деп қабылдасақ, еркектердің өздерін құдай санаған пасық көңілдеріне қаяу түседі. Міне, осыдан қашып, жиенді немере деуге аузымыз бармай отыр.

Ғасырлар бойы біздің еркектер өздерін кәдімгі алла, кәдімгі құдай сезініп келді. Ойдан дін құрастырып, киелі кітаптарды «еркекке бағын» деген шимайлармен толтырып келді. Неге?

Себебі — әйелді күшпен қысып ұстамаса, еркектің өзіндік құны, қажеттілігі аса маңызды емесін білгендіктен. Осы себептен бүкіл ырым-тыйымның 99 пайызын әйелге арнады.

Әйелге миллиондап тыйым салғанша, сол еркетер бір жапырақ еттерін тізгіндеп ұстай алатын болса ғой!

Әлемдегі бүкіл жамандық атаулы еркектердің осынау бір жапырақ етінің кесірінен болып жатқанын мойындаған күні жиеннің де немере екенін мойындаймыз. Ал ол күнге дейін кейбір пасық еркектердің арамға толы ойынының құрбанымыз»  деп жазды.

Фото көрнекілік үшін.