«Лайым, осы қалпынан таймасын» деді Гүлзира Айдарбекова

0
427

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова өзіне келіндерінің қалай құрмет көрсететінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Медиа менеджер келіндерін жер-көкке сыйғызбай мақтады.

“Келіндеріме айтқанмын ғой, әзілдеп “Егер де мені шын сағынсаңдар, дастархандарыңнан білемін” деп. Әзірге қолдан ыстық нан, бауырсақ, шайды қолдың сүтінен бастап, салаттарға дейін өздері дайындап күтіп жүр. Лайым осы қалпынан таймасын деп тілейік”, – деп жазды продюсер.

Фото интернеттен.