Марқұм Шерзаттың үйінің өртенуінде қандай сыр бар?
Атышулы «Хуторский» опг атаманы делінген Хасан Қасымбаевтан сұқбат алып отырған (дауысы мен сұрақ қою мәнері Инга Иманбайға ұқсас) әйел журналист «сізді қаралау кімге тиімді» дейді.
Т. Русқұлов атындағы (Хутор) ауыл тұрғындары Хасанды мешітке, т б әлеуметтік жобаларға атсалысқан кәсіпкер деп қорғаштап сөйлеп жатыр.
Марқұм Шерзаттың әкесі Хасанның «жоғарыда» танысы көп екенін, ресторан, дүкен, т б ірілі-ұсақ бизнестерден «салық» жинайтынын айтады.
Ол тағы осы «Хуторский» бандасы қыздарды зорлайтынын, біреудің көзін пышақпен ойып алғанда—жазасыз кеткенін, бірнеше кісі өліміне қатысы барын өз сұқбатында жәйіп салды.
Барлық «гәп» — Шерзаттың әкесінің айтуы бойынша, Талғар ІІБ басқармасы бір қылмысты жазықсыз балаға ілмек болғанда— айғай шығарғаны себеп сияқты.
Сонда, аудандық ІІБ мен, Хасанның ағасы —Қасымбаев старший басшы болып отырған Талғар аудандық Әкімі аппараты— Талғар төңірегіндегі «инокомыслиені» басуға бауыры басқаратын опг қызметін пайдаланама?
Кісіні тапсырыспен өлтіріп—14 жылға сотталған Хасанның інісі Ержан түрмеден звондап, Шерзаттың әкесіне қоқан—лоқы көрсетіпті.
Банда басшысы банда шығыны мен, құрамы мүшесі құрықталғанда оларды «сатып алу үшін» керек қаражатты кәсіпкерлерден заңсыз жинау әбден мүмкін.
«Енді осы уақытқа дейін қаражатты бекер беріп жүріппіз, мыналар ешқандай да банда емес екен» екен деген ой, соңғы уақыттарға дейін бандаға ақша төлеп келген кәсіпкерлерді мазаламас үшін, Шерзаттың жанұясы үйін өртеп жіберуі мүмкін.
«Қылмысқа команда берсе де әлі күнге ұсталмай жүрген адам аудандық ІІБ басқармасы қызметкері болуы мүмкін» деген «болжамды» Шерзаттың әкесі айтып отыр.
Жә, енді Айтбек Амангелді жалдап берген «тегін» адвокаттар туралы бірер сөз.
Жалпы қайсібір тергеу кезінде, тараптардың адвокат жалдауға ақшасы болмаса, оны мемлекет тағайындайды.
Әдетте оларды «қызыл» адвокаттар деп атайды.
Павлодардан «алып келген» Айтбектің адвокаттары «қызыл» емес—«қызғылт» болып шықпасын дейік.
«Жаңа Қазақстан» -ның іс жүзінде жоқ екені осы оқиғада белгілі болғандай.
Орталықтан әскер жіберіп ОПГ-ны талқандап тастайтын уақыт әлдеқашан болды.
Бірақ, билік түрлі белсенділер қызметі арқылы тараптар тартысын «өртті өртпен басу» методикасын қолданудан аспай отыр.
Төртуыл ШОҚАН, қоғам белсендісі.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.