Мектеп директоры сотталды: Мұғалімдерді жалған бұйрықпен жұмысқа алған

Қызылордада мұғалімдерді жалған бұйрық шығарып, жұмысқа қабылдаған бұрынғы мектеп басшылары сотталды.
Қалалық прокуратура екі мектептің бұрынғы директорына қатысты қызметтік жалғандық жасау дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 369-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркеген болатын. №2 қалалық сот олардың бас бостандығын 1 жыл мерзімге шектеу жазасын тағайындады.
«Атап айтқанда, білім беру ұйымдары азаматтарды мұғалім ретінде жұмысқа қабылдау туралы жалған бұйрықтар шығарып, еңбек кітапшаларына мәліметтер енгізген. Педагог ретінде конкурссыз жұмысқа орналасуға жағдай жасалған», – делінген ведомство хабарламасында.
Дереккөз: ҚазАқпарат.