Мектеп директоры ұлына айлық жазған

0
652

Алматы облысында мектеп директоры ұлын лаборант етіп жалған түрде жұмысқа орналастырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өңірлік соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, іс материалдарына сәйкес, 2022 жылдың тамыз айында Балқаш ауданы мектептерінің бірінің директоры ұлын мекемеге лаборант лауазымына жалған жұмысқа орналастырған. Мемлекетке келтірілген залал 902 мың теңгеге бағаланған.

“Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінді. Сот оған ұрланған қаражаттың 10 еселенген мөлшерінде тоғыз миллион теңге айыппұл тағайындады. Енді мектептің бұрынғы басшысы оны үкім заңды күшіне енген күннен бастап үш айдан кешіктірмей төлеуге міндетті. Әйтпесе жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылады”, – делінген хабарламада.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.