«Мектепте мұғалім болып алмаған алғысты қазір клиенттерімнен алып отырмын» дейді бұрынғы мұғалім

0
177

Сегіз жыл мектеп мұғалімі болып қызмет етіп, оны тастап кеткен бір досым бар, осы — әлеуметтік желіде. 

Үш жылдан бері тырнақ саласында еңбек етеді екен.

Жаңа жыл алдында жекеде сөйлескенімде; «…мектепті тастап, біреулердің тырнағын бояп жүргеніңе өкінбейсің бе?! «» —деп сұрап едім.

»Ой, аға, бұл еңбегім — халал ба, әлде, харам ба, маған бәрібір. Біреулердің тырнағын бояймын, біреудің тырнағын емдеймін, біреудің тырнағына тағы бірнәселер жасап беремін…

Мәселе бұл жерде емес, аға!

Мен сегіз жыл мектепте естімеген алғысымды, клиенттерімнен күн сайын естимін, бастысы, ұстаз жалақысынан да көп табыс тауып отырмын! » —деді.

Үнім өшті!

Тарихшыдан—тырнақшыға айналған қыздың, не дерсің бұл сөзіне?!!

Қайырғали СЫДИЫХҰЛЫ, қоғам белсендісі.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін.