Мектепте мұғалім көбейсе, білімнің сапасы жақсара ма?

0
745

Сан керек пе, сапа керек пе?! Мектепте мұғалім көбейсе, білім сапасы жақсарады деген ұғым -түсінік қайдан пайда болған?!

Мектептегі артылған 10-15 сағатқа вакансия жариялау өрескел қателік. Ондай сағатты мектептегі тәжірибелі , жетістігі көп мұғалімге, бірлестік жетекшісіне, вожатыйға, жас мамандарға бөліп берсе жөн емес пе?!

Қалалық білім басқармасы, аудандық білім бөлімдері тарификацияға қадалып, шағын сағатқа маман алуды талап еткені қалай? Келесі оқу жылында оқушы саны азайса, сағаты болмай қалады да директордың басына бәле болады.

Кәсіподақтың заңгері де, Еңбек кодексінде де “мұғалім 24 сағаттан артық алмасын”деген талап жоқ. Мектептегі қоғамдық жұмыстарға белсене қатысатын, пәтер жалдап тұратын, көп балалы мұғалімдер өз пәндері бойынга 28/30 сағатпен жұмыс жаса несі кетіп барады?!

Кей аймақта 8 сағатқа вакансия жариялап, мұғалімді пән бойынша 10-15 жинап алып, артынан соттасып, ұжымның берекесін алып жүрген жағдайлар ешкімді ойлантпай ма?!

Мектептегі 3 мұғалімге 28 сағат беріліп еді тарификациядан өткізбегені қай заңға сыйғызып, жөн санап тұр?!

Мира БАРКАЗАТҚЫЗЫ, білікті ұстаз.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.