Мешіт имамы «атеистпін» деп ашық мәлімдеді

0
815

Дін мәселесі өршіп тұрған елдердің бірі Түркияда «жрден жік шықты, екі құлағы тік шықты» дейтін жағдай болды деп жазады Democrat.kz. ақпараттық порталы түрік басылымдарына сілтеме жасап. 

Түркияның Муғла облысы, Милас ауданы, Ортанжалар ауылының имамы дәл жұма күні өзінің дінге сенбейтінін мәлімдеп, «атеистпін!» деген.

Имам Сейфі Чалышканның мына сөзінен кейін арада бірнеше минут өтер-өтпес, Түркия Дианеті (Мүфтиятред.) «жұмыстан шықсын!» деген хабарын жолдаған.

Ауыл имамы Сейфі Чалышкан болса, жұмыстан шығуға арыз бермейтінін айтады.

«Мен дінге сенбеймін десем, дінге қарсы жұмыс істеймін дегенді білдірмейді. Өз міндетімді таза атқарып жүрмін. Жұмысыма қатысты ешқандай ешкімнен шағым жоқ. Неге Дианет жұмыстан шығасың деп жатқанын түсінбеймін. Шетел футболшысы Түркияға келіп ойнай алады. «Түркияны ұнатпаймын» деп футболдан бас тарта ма? Жеміс-жидек сатушы «картопты ұнатпаймын» деп картоп сатпай қоя ма? «Атеист» болғаны үшін мешітте жұмыс істемесін деген заң бар ма? Неге Дианет мұнша мазасызданды? Мен өзіме артылған міндетті артығымен орындап жүрмін. Олай болса, проблема неде?» деген имам Сейфіге Түркия дін істерінің басшысы бүгінге дейін жауап бермеді.

Ал Ортанжалар ауылының тұрғындары имам Сейфінің сөзін сөйлеп, оның өз ісін адал атқарған имам екенін айтуда.

Фото көрнекілік үшін.