Мобильді интернет жылдамдығы Токионы басып озды
Астана мобильді интернет жылдамдығы бойынша Токионы басып озды, деп хабарлайды Orda.kz.
Speedtest интернет-сауалнама сервисі, әлем бойынша интернет жылдамдығын бағалады, 2024 жылдың желтоқсан айы рейтингін жариялады. Рейтинг бойынша, мобильді интернет жылдамдығы бойынша бірінші орынды БАӘ иеленді, ал соңғы, яғни 110-шы орынды — Ауғанстан алды. Қазақстан 57-ші орынға Испания мен Жапония арасында орналасты.
Кең жолақты стационарлық интернет жылдамдығы бойынша Қазақстан төменірек орын алды — 88-ші орынмен 73,67 Мбит/с жылдамдықпен. Бұл тізімде Қазақстаннан жоғары тұрғаны Қырғызстан, ал төменде Багам аралдары тұр. Тізімнің көш басында Сингапур, ал соңғы орында Куба орналасқан.
Speedtest сонымен қатар ірі қалалар бойынша рейтинг жариялады. Қазақстанда мобильді интернет жылдамдығы Астана мен Алматыда бағаланды. Оңтүстік астана 93,71 Мбит/с жылдамдығымен 63-ші орынды иеленіп, Астанадан озды. Бас қала 71-ші орында 83,87 Мбит/с көрсеткішке ие болды.
Алайда, Астана Токиоға қарағанда мобильді интернет жылдамдығы бойынша алда тұр! Жапония астанасы 82-ші орынды алып, оның жылдамдығы 64,89 Мбит/с болып бағаланды. Осылайша, 2023 жылы Цифрлық даму министрі болған Багдат Мусиннің Токиоға қарағанда Астананың интернет сапасы жақсы деген сөзі 2024 жылдың соңында толықтай шындыққа айналды.