Мұғалімдер жаңа курсқа барады
Қазақстандағы ұстаздар мен оқушылар жасанды интеллектіні қолдану және бағдарламалау дағдыларын меңгереді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, мұғалімдерге жасанды интеллектіні оқытатын онлайн-білім беру платформасы ілкі жоба ретінде басталған.
«Алдымен 300 мұғалім мен тренер «Жасанды интеллект» және Game Development бағыттары бойынша біліктілігін арттырады . Биыл 31 желтоқсанда аяқталатын курстар алты айға жоспарланған. Курс аяқталған соң әрбір қатысушыға сертификат беріледі», — деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Орта білім беру комитетінің басқарма басшысы Гүлнар Таласбаева хабарлағандай, онлайн курстар биыл шілде-желтоқсан аралығында өтеді.
Фото интернеттен алынды.