Мұхамеджан Тазабек — пост жазған сайын абыройынан айырыла беретін тұлға

0
55

Көбісі Мұхамеджан Тазабектің постын айта бергесін “не бар екен соншама” деп, соңына дейін шыдап оқып шықтым. Оның алдында да бір қарап, екі шумақ сөйлемінен жиіркеніп шығып кеткем.

Жалпы бұл пост авторы бұрыннан қоғамдық мәселелерге пост жазамын деп абыройынан айырыла беретін тұлға. Себебі ода білім де жоқ ғылым да жоқ, әділ ой да жоқ. Бар болғаны тіл байлық пен айтыстан алған атағы ғана.

Оны қолдайтындар өзінің қолдаушылары я ешдеңеден хабары жоқ, тек айтыскер ретінде танитындар. Ал, шын сын айтушыларды коммент жазғызбайтын етіп блокқа қойып қойған. Өзіне ыңғайсыз пікірлерді өшіріп отырады.

Көп созбай постында білімі де ғылымы да жоқ екенін қай жерден байқауға болатынын айта кетейін.

Басында ол: “1 — Ұлы адамдарды Алла ұлы ғып жаратады. Жақсы ма, жаман ба, ғалым ба, залым ба, зиялы ма, зиянды ма — ұлы адам бәрібір тарихта ұлы боп қала береді”- дейді.

Яғни оның ойынша адам қандай әрекет етсе де ұлы адам ұлы болады, оңбаған адам оңбаған болады. Ұлы болу, оңбаған болу адамның қолында емес, Алланың қолында. Логотерапияша айтқанда “пандетермиризм”. Адамда өзгеруіне еркіндік жоқ.

Осы сөзді айтып алады да осы сөзіне қарама-қайшы, логикаға қонымсыз, өзінің сөзін жоққа шығаратын сөз айтады. Ол: “Ірілердің ірі боп, мықтылардың мықты боп қалуының ең бірінші себебі — мақсатына адал боп, принципінен қайтпауында”.

Қалай сонда? Басында ол “Алла өзі адамды ұлы етіп жаратады” деп алады да, кейін “адам мақсатына адал боп, принципінен қайтпаса” ұлы болады дейді.

Содан соң ол сөзін жоққа шығаратын екінші сөзбен шегелейді. Ол мынау: “Біздің жақсы болсақ та, жаман болсақ та ұсақ болуымыздың, көп нәрсе тындыра алмауымыздың ең үлкен себебі — мақсатымыз айқын емес, принциптерімізден де сәт сайын тайқып кетуімізде…”.

Егер, сенің ұсақ болуың ұлы болуың Алланың қолында болса онда несіне тыраштанасың? Логика қайда?

Мағауиннің Алланың алдында да, елдің алдында да ұлы болуы — өмірін қазақ ұлтының тарихына арнап, батылдық, табандылық, тақуалық, қайсарлық, принциптілігінде тұра алуында.

Бұл қасиеттің біреуі өз бойыңда бар ма? Жоқ болса ұлылық қайдан келсін?

Екінші мәселе. “Мағауин өз елінен жиіркеніп, 3 рет талақ айтып қашып кетті” дейді. “Ну Мәке не надо так. Не судите людей по себе, пожалуйста”. Өзің қандай болсаң елдің бәрін солай деп ойлайсың ба?

Елден жиіркеніп қашу сіздің ойыңызда бар шығар. Бірақ Мағауиннің елден кетуі Толстойдың жағдайына ұқсас. Толстой Ясная полянаға жиіркенгеннен кеткен жоқ. Шығармашылықпен алаңсыз айналысуға кетті. Мағауин де солай. Елдегі той-томалақ, саясаттан жырақ, шығармашылықпен айналысуға жайлы мекен іздеп кетті. Бірақ мұны шығармашылықпен айналыспайтындар түсінбейді. Сосын әркім өзі қандай болса елдің бәрін сондай деп пайымдайды.

Ары қарай талқылаудың қажеті де жоқ. Себебі кілең эмоциядан тебетін жаттанды ұран сөздер мен Мағауинның ұлы болмысына дақ келтіретін өзінің келте пайымы.

Соңында, елдің қамын жеп, мәселенің шешу жолын таппай жүрген адам құсап “Қайтсек, арманға жетеміз?!” деген аянышты өтірік сұрақтар қойып қойған.

Қысқасы осылай.

Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын,

Жаманның жамандығын айт құты қашсын. Қазақ деп өткен ұлы тұлғаларды табалатып қарап отыра алмайды екем. Маған десең кім болсаң, ол бол.

Амангелді МЕЙРАМБЕКҰЛЫ, қоғам белсендісі.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін.