Мұсылман арабқа бұл қазақтың түкке керегі жоқ

«Арабқұл» сөзі қаласақ та, қаламасақ та, қолданысқа енді. Араб елінде болдым. Арбақа — қазақ түкке керек емес. Барсың ба, жоқсың ба — көк тиын. Жәйбарақат өз салт-дәстүрімен өмір сүріп жатыр.
Еліктегіш, еніп кеткіш — құдай атқанда өзіміз! Ислам ешкімге «арабтың салтын ал» деген жоқ. Тек, ислам дінін жайды. Жаттың сілікпесіне құмар өзіміздің қателігіміз. Пайғамбар с.ғ.с. дін жаюға барған еліңнің дәстүріне тиіспеуді өсиет етіп қалдырған. Бізге келген Ханафи мазхабы арқылы исламның тең сіңісуінің мәні — түрк дәстүрі мен салтына тиіспегеніде жатыр. Катар елінде шейха Мозаның әмірімен қатын-қыз бет бүркемейтін заң шығыпты. Ешқайсы бетін жаппайды. Бетін жапқаны — басқа араб елінен келген турист. Дін мен ұлт — екі әлем. Ұлт — тілі мен салт-дәстүрімен ерекше. Ал, ислам діні — исі мұсылманға ортақ. Осыны түсінбейтін дүмшелер, қоғамды қойыртпақтап бітті.
Сая ҚАСЫМБЕК, мәдениеттанушы.
Фото көрнекілік үшін.