МузАрт әншісі Кенжебектің шашын жұлмақ болды
Тойда ән айтып тұрған МузАрт тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов оқыс оқиғаға тап болды деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы juldyzdar_news парақшасына сілтеме жасап.
Өзімен өзі әнін шырқап тұрған әнші Кенжебектің жанына келген ер кісі оның шашына жармасып, жұлды. Қапелімде не болғанын түсінбесе керек, Кенжебек де оқыс қимылдап, әлгі кісіні салып қалды. Белгілі болғанындай, Кенжебектің шашын жұлмақ болған кісі масаң күйдегі той қонағы екен. Жағымсыз жағдайға байланысты тараған видеоның астына пікір қалдырған жұртшылық әлгі той қонағының оспадар әрекетін сынап, ұят болғанын жарыса жазуда.