«Нағыз кедейлер ғана асығады» дейді экс-шенеунік (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіде тараған экс-шенеунік Шыңғыс Мұқанның бір видеосы қызу талқыға түсіп жатыр деп жазады Democrat.kz.
Шыңғыс Мұқан кезекті бір подкастта: «20 жылдан бері көлік жүргіземін. Жолда көлігін соғып, зардап шегетіндердің көбі — кедейлер. Неге? Себебі кедейлер үнемі асығып жүреді.
Бір-біріне жол бермейді. Қисынсыз жерге қыстырылып келеді де, ақырында көлігін соғып алады. Театр, концерт залдарында да солай. Концерт біткенде, гардеробтың түбіне жиналатын адамның бәрі — кедейлер.
Байлар сырттай қарап тұрады. Жұрт киімін алып болғанша, күтеді. Мен жалпы, адамның санасын «жоқшылық», «тоқшылық» деп екіге бөлемін. Жоқшылық санасындағылар үнемі асығыс, шыдамсыз келеді және өмірде де жоқшылық көреді. Бұл жердегі «дисклеймер» — адамның материалдық емес, рухани астарын айтып отырмын», — дейді.
Фото интернеттен.