Найзағай түсіп мерт болды
Шығыс Қазақстан облысында найзағай әйелді өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
YK.kz хабарлауынша, әйел бақташы болып жұмыс істеген. Оның қасында болған екі жылқы да тіл тартпай кеткен. Әйелдің 1979 жылы туғаны белгілі болды.
Қолда бар ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға Глубокое ауданы Черемшанка ауылынан 5 шақырым жерде болған.
Әзірге мемлекеттік органдардан ресми түсініктеме жоқ.
Айта кетерлігі, ШҚО бойынша 2 шілдеде найзағайға байланысты дауылды ескерту жарияланған. Құтқарушылар үйде қалуды ескерткен.