«Өзегім өртеніп отыр» деген әнші Айгүл халыққа көңіл айтты

0
64

Әнші, актриса Айгүл Иманбаева белгілі жазушы, драматург Дулат Исабековтың дүниеден озуына байланысты көңіл айтып, желіде жазба жариялады.

Сондай-ақ актриса марқұм жазушымен кездесу сәтінен әсерлі видеоны да бөліскен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

«Барша қазақ халқына қайғырып көңіл айтамын. Осыдан 10 күн бұрын Дулат ағама телефон шалған едім. Телефон трубкасын көтермеген соң, қызы Шолпанға хабарласқанда ағамның ауруханаға түсіп қалғанын естідім.

Ағама кіріп, жағдайын біліп, бетінен бір сүйіп кетемін бе деген ой еді, оған палатасына кіруге рұқсат бермеді.

Дулат ағам артына өшпес мұра қалдырды, өшірілмес із қалдырды. Дәл осы уақытта елден алыста болып, ағамды соңғы сапарына да шығарып сала алмай, өзегім өртеніп отырған жайым бар.

Дулат ағам менің басымда болған қиыншылығымда да, қызықшылығымда да барлық уақытта маған сүйеу, демеу болды. Үлгі тұтар, ақыл айтар әкемдей болды. Бақұл бол, жан ағам!» — деп жазды Айгүл Иманбаева Instagram желісіндегі парақшасында.

Фото интернеттен.