«Пәк қыз таппай жүрмін» дейді актер

0
914

ТикТок әлеуметтік желісінде актер, боксшы Еркебұлан Тоқтаровтың бір сұхбаты қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.

Анара Батырхан жасаған бұл сұхбатта Еркебұлан: «Мен тек пәк қызбен үйленемін! Бірақ бүгінге дейін пәк қыз кездестірмедім. Түрі, мінезі бәрі-бәрі жақсы, былайша маған ұнайтын қыздар болады. Өкінішке қарай, «пәксің бе?» деп сұрасаң, олай болмай шығады. Танысқан қызға бірінші қоятын сұрағым «пәксің бе?» деген сұрақ болады. Қыз пәк болмаса, бұрылып кетем. Уақытымды ондай қызбен өткізгім келмейді»,- деген актер «қыздар, пәктіктеріңді тек күйеулеріңе сақтауға міндеттісіңдер!» деп ақыл-ескертуін де жасапты.

Еркебұланның бұл сөздеріне қатысты қыз-келіншектер қауымы «қызды пәктігінен сен сияқты еркек айырады», «пәк болып күйеуге шықтым, өкінішке қарай күйеуім оның қадіріне жетпеді», «пәк қыз іздесең, онда ешқашан үйленбессің», «ескіліктің сарқыншағы», «қазір пәк қызды мектептен де таппайсың» деген сыңайда пікір жазуда.

Фото интернеттен алынды.