Періге үйленген қазақ кісі мезгіл шеңберінен шығып кеткенін айтады

0
1691

ТикТок әлеуметтік желісінде Kazakh Eli арнасы жариялаған бұл видео көпшілікке түрлі ой салды деп жазады Democrat.kz.

«Мезгілдің шеңберінен шығып кеткенмін» деген кісі ешқандай дүние тіршілігіне қызықпайды екен. Ескі қорымның жанында жалғыз тұрып жатқан бұл адамның аты — Әбдірахым.  Түркістан маңындағы Сунақ атаның бұрынғы тұрғыны.

Әйелі — су перісі. «Мына жерде Әбу Бәкір деген ғалым жатыр. Перінің қызынан бір балам бар. Перілер Әбу Бәкірден қорқады. Перілер де адам сияқты. Әскері бар. Пері әйелім Әбу Бәкірден қорқып маған келмейді», — дейді ол.

Бауырлары бар. Ата-анасы бақилық болған. Үстіне киген киімі де ерекшелеу бұл адам «қоршаған ортаны бұзып шығу өте қиын» дейді. Айдалада жалғыз күн кешіп жатқан кісі көктемде су тасығанда, аман қалған.

Перілер туралы әңгімесінде: «Олардың генералы бар. Талай рет келіп маған тиісті», — деген кісі Күрси сүресін мүдірмей оқып берді.

Видеоға қатысты «ішіне жын кірген ғой», «діннің ішіне кіріп кеткен-ау», «ауру адам ғой», «бұл кісі менің інім. Атам марқұм бұның ұста әруағы бар дейтін», «бұл тегін кісі емес», «кезінде Чернобыльде болған, керемет ұста еді» деген пікірлер жазылуда.

Фото видеодан скринделіп алынды.