Путин мен Ердоған Астанада кездеседі

0
174

Ресей президенті Владимир Путин 3-4 шілдеде Астанада өтетін ШЫҰ отырысында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесуді жоспарлап отыр: «Барлық өзекті мәселені талқылаймыз», — деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Менің білуімше, таяуда, 3-4 шілдеде ол халықаралық шара аясында Астанада болуы керек және біз онымен кездесуге мүмкіндік аламыз деп үміттенемін. Барлық өзекті мәселені талқылаймыз», – деді Путин.

Ресей Федерациясының президенті түрік басшысына ізгі тілектерін жеткізуді өтінді.

Айта кетейік, Путин 3-4 шілдеде елордаға келіп, Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады.

Еске салайық, бұған дейін түркиялық сарапшы Энгин Озер ел президенті Режеп Тайып Ердоған ресейлік әріптесі Владимир Путинге Украинамен келісімге келу туралы ұсыныс айтуы мүмкін деді. Озер Ресей мен Украина арасында келіссөз жандануы мүмкін екенін айтып, мұны Путиннің Түркияға сапары кезінде Ердоған ұсынады деп болжады. Оның пікірінше, диалогқа Ыстамбұлдағы процесс негіз болады.

Фото интернеттен алынды.