Ресейдегі Жайық өзені ернеуінен тасып жатыр
Солтүстіктегі көршіміз Ресейде тасқынға қатысты ахуалдың тұрақталатын түрі жоқ. Керісінше күрделеніп барады деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы 24.kz.-ке сілтеме жасап.
Орынборда Жайық өзені жолындағыны жайпап жатса, Тобылда су тасып, ернеуінен асуда. Қорған облысында Тобылдан төнген қауіп күшейіп барады. Өңір орталығында су деңгейі бір тәулікте 1 метрге көтеріліп, су деңгейі 970 сантимерге жетті.
Кетовск округінде көрсеткіш тіпті нашар. 11 метрден асады. Ресми мәлімет бойынша тасыған судан 2 мыңнан аса үй, 3,5 мыңдай саяжай қираған. 5 көпір бүлініп, автожолдардың 8 учаскесін су басқан. Аймақтағы күрделі жағдайға байланысты қазір жергілікті халық жаппай эвакуацияланып жатыр.
Ол үшін мыңдаған маман мен техника жұмылдырылған. Қосымша күш ретінде жуырда Төтенше жағдайлар министрлігі түнгі уақытта құтқару-іздестіру жұмыстарын жүргізуге арналған жабдықтар жіберді.
Фото ашық дереккөзден алынды.