«Ресейден судың үлкен көлемі келе жатыр» дейді әкім
Ресейден келетін су ағынының артуына байланысты Оралдағы Жайық өзені деңгейі 8 метрге жуықтады. Осыған байланысты Орал қаласының әкімі халықты шұғыл эвакуациялауды бұйырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Құрметті оралдықтар баршаңызға белігі, қалада Жайық өзенінің өсуі күрделі жағдай болып отыр. Мамандардың айтуынша, Ресейден судың үлкен көлемі 2-3 күнде Оралға жетеді. Қауіпті деңгей 8,5 м болса, қазір Жайықтың деңгейі 8 метрге жақындады.
Су тасқынына орай, жергілікті атқарушы органның және төтенше жағдай қызметтерінің барлық ресурсы тартылды. Қазіргі уақытта 350 арнайы техника, 2 мыңға жуық адам жұмылдырылды. Сондай-ақ өзге өңірлерден, облысымыздың аудандарынан келген әскери қызметшілер және еріктілер бұл жұмысқа белсене атсалысып жатыр. Ең бастысы азаматтардың амандығы”, – деді Миржан Сатқанов.
Қала әкімі әсіресе Жайық маңындағы елді мекендер мен саяжайларды су басу қаупі жоғары екенін айтты. Атап айтқанда Куриный, Старица, Комментерн аудандарының халқын дереу эвакуациялау қажет.
“Өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірін қауіпке тікпей, шұғыл ағайын-туыстарыңыздың үйіне орналасыңыздар. Уақытша баратын үй болмаса, Оралда эвакуациялық орталықтар жұмыс істейді. Олар халықты күні-түні үздіксіз қабылдайды. Сұрақтар бойынша 24-05-70 нөміріне хабарласуға болады. Эвакуацияны қазірден бастаңыз”, – деді Миржан Сатқанов.
Фото ашық дереккөзден алынды.