«Сәбиге арналған киім қарап жүрмін» деген Динара Сәтжанның аяғы ауыр ма?

Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қысқа ғана видео жариялаған журналист Динара Сәтжан оқырманын ойлантып қойды деп жазады Democrat.kz.
«Достар, Шымкенттемін. Бұл жақта күн +15. Қазір жаңа туған сәбиге арналған киімдер сататын дүкенге бара жатырмын» деген Динара Сәтжанның видеосына «Динара күйеуге шығып, жүкті болған ба?», «қазақтар сәбиге тумай жатып киім алмайды», «қазақтың санын көбейтсін» деген сыңайда пікір жазуда.
Әйтсе де, Динара Сәтжан әлдебір балалар дүкенін жарнамалай келе «мен жүкті емеспін, өзімнің жиеніме заттар алайын деп жатырмын» деді.
@dinara_satzhan В Шымкенте сегодня плюс 15 🌞