Сапсиған сақалмен шекарадан өтуге тыйым салынған

0
147

Шын болса Өзбекстанға сапсиған сақалмен кіруге мүлдем тиым салынған ,кәзір халқы шекарадан сақалдарын алып адам қалпында кіруге дағдыланған.

Дұрысын айтсақ қасиетті ислам дініне сапсиған сақалдың еш қатысы жоқ .

Нағыз молдалары болмаса араптардың мәдениетті ,білімді шейхтарынан оны көрмейсің ,тіпті халифат басқаратын Иран халқыда мұрт пен сақалды әдемілеп түзеп қояды.

Ал осы сапсиған сақал ,етек жеңі шолтиған киім үлгісі бізге қайдан келді ?

Бұл үлгі радикалдық бағыттағы исламистердің өзге бағыттағы діндарлардан бөлініп ,ерекше бірін бірі алыстан тану үшін ойлап шығарған атрибуты. Әрі радикалдық бағыттағы діншілдерге ,көбіне соғыстың жағдайында сақалы мен мұртын басып ,сыланып сипанып жүруге мүмкіндік болмағандығыда әсер еткені белгілі.

Біздің елде сақалды реттеу жөнінде әңгіме өзбектерден бұрын қозғалды ,бірақ оның бәрі тек сөз қылудан әріге бармады. Өзбектер бізге қарағанда әуелден 10 есе діншіл халық ,бірақ өздерінің дәстүрлі дінін қорғау керектігін түсініп заң шығарып отыр.

Бізге де сөзден іске көшетін уақыт жетті . Дәстүрлі дініміз жөніндегі заңды тез қабылдап

Ел ішін реттеу керек.

ӘбдіБек БИСЕНТЕГІ, қоғам белсендісі.

Фото көрнекілік үшін.