Шашын бояған оқушыға мектеп тыйым сала ма?

0
499

Оқушылардың шашын бояуға қатысты министр Ғани Бейсембаев жауап берді деп хабарлайды Democrat.kz.

UlusMedıa.kz тілшісінің: «Оқушылар шаштарын бояп мектепке баратын болды. Осыған байланысты белгілі бір шектеу қойыла ма?» деген сұрағына  Оқу ағарту министрі Ғ.Бейсембаев нақты шектеу қойылатынын айтпаса да, ұзақтан әкеліп жауап берді.

«Биылдан бастап мектептің ішкі тәртіп-ережесі бар. Мектептің негізгі миссиясы сапалы білім, саналы тәрбие беру болып табылады»,- деп бастаған министрдің нақты жауабын шыдамсыздана күткен журналист «яғни, болмайды ғой? Болмасын дейсіз ғой?» дейді.

«Әрине» деген министр оқушының ала-құла етіп шаш бояуына тыйым салынатынын, салынбайтынын нақты айтпады.

Фото интернеттен алынды.