Шерзаттың ағасы өзіне қол салмаған ба?

0
740

Талғардағы жаппай төбелес кезінде қаза тапқан Шерзат Болаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың отбасы ол суицид жасады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Dalanews.kz Orda.kz-ке сілтеп. 

Ғайыпбаевтың денесінде зорлық белгілері анықталмаған. Алайда марқұмның отбасы ол суицид жасады дегенге сенбейді. Бұл туралы Нұрболат Ғайыпбаевтың әпкесі айтқан.

Қазіргі таңда марқұмның отбасы бұл жайтқа қатысты қосымша пікір беруден бас тартып, қандай да бір түсірілім жасауға тыйым салған. Олардың сөзінше, Нұрқанаттың денесі мәйітханада, ал полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Шерзат Болаттың отбасын полиция күзететін. Ал Нұрқанат Ғайыпбаевтың өзі түнгі уақытта шығып кеткен екен.

Еске салайық, бұған дейін Талғардағы жаппай төбелес кезінде қаза тапқан Шерзат Болаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев көз жұмарының алдында хат жазғанын хабарлаған болатынбыз.

Алматы облысының Полиция департаментінің мәліметінше, алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол асылып, өз-өзіне қол жұмсаған.

Марқұм ағымдағы жылдың 4 қазанында қайғылы қаза тапқан кәмелетке толмаған Шерзат Полаттың ағасы екені анықталды.

Тергеу барысында марқұм туыстарының біріне өзіне-өзі қол жұмсау туралы мессенджерде жіберген жазбасы анықталды. Хабарламада ол туысқандарымен қоштасып, жиенінің жанына жерлеуді сұрады.

Фото интернеттен алынды.