«Шымкенттің қыздары көресіні көрсетеді» дейді блогер

0
452

ТикТок әлеуметтік желісінде Симпапулька деген атпен тіркелген блогер қыз шымкенттік қыздар туралы айтып берді деп жазады Democrat.kz.

«Шымкенттің қыздары «сіз» деп сызылып іші-бауырыңа кіріп алады. Бір бала туғанша, сызылып жүреді де, бір бала тапқан соң, көресіні көрсетеді» дейді блогер Симпапулька.

Мұнан бөлек блогер Оңтүстікте қыздарды күйеуге тиюге арнайы тәрбиелейтінін айтады.

«Шымкентте қыздарды тек байға тиюге дайындап, тәрбиелейді. «Сен оқып, диплом ал, қалыңмалың көп болады. Сені қымбатырақ өткіземіз. Дипломың болса, барған жеріңде де сөзің өтеді» дейді. Неге екені белгісіз, әйтеуір осылай тек тұрмысқа шығуға ғана тәрбиелейді. Неге қызға оқы, жұмыс істе, қызмет ет, ақша тап демейді?» деген блогер Симпапулька қыздарды күйеуге тию үшін емес, жетістікке жететін етіп тәрбиелеу керек дейді.

Фото видеодан скринделіп алынды.

@gloria802

#ВэтотДень

♬ оригинальный звук — Симпапулька