Солтүстікте су тасқынының шырқау шегі сәуірдің ортасында болады

0
177

9 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖ департаменті басшысының орынбасары Мұрат Қанғожинов Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасының толымдылығы 180% құрайтынын хабарлады.

Ол су қоймасындағы толу деңгейі 415 сантиметр екенін айтты. “Бұл тарихта бірінші рет болып отыр. 2017 жылы су қоймасы ең жоғары толған кезде 338 сантиметр болған. Бұл Есіл өзенінің бойындағы үш аймақты су басу қаупін туғызады: бұл Есіл ауданы, сондай-ақ Петропавл” дейді ол.

СҚО ТЖД басшысының орынбасарының айтуынша, өңірдегі су тасқыны жағдайы тұрақты мониторинг режимінде.

– Су басу аймағына 845 тұрғын үй, 5 мыңнан астам саяжай кіреді. Облыс орталығына дейін үлкен судың күтілетін келуі – 12 сәуірге дейін, шырқау шегі 23 сәуірде болады, — деді ол.

Фото ашық дереккөзден алынды.