Талғат Ермегиявке қатысты тағы бір шындықтың беті ашылды

Назарбаев ЭКСПО-дан ондаған миллиард теңгені жымқыру үшін Талғат Ермегиявті орнынан алмақ болған. Ал Ермегияевқа орнын босатуды сол кезде Қожамжаров айтқан. Алайда ұсынысымен келіспеген ЭКСПО-ның сол кездегі басшысы ақыры қудалауға түскен, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.
Осыдан 9 жыл бұрынғы оқиғаның қалай өрбігенін өзі де сол кезде шартты түрде сотталған Ермегияевтің туысы жариялады. Ал Ермегияевтің тікелей ұсталуына Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулин арыз ұйымдастырған.
«Ермегияевтің көлік жүргізушісі өздеріне ілескен «хвостың» барын байқайды да,
күдігін көлік ішінде отырған бастығына айтады. Талғат дереу ІІМ-не қарасты 102 қызметіне хабарласып, өзіне ілескендердің «антикор» наружкасы екеніне көз жеткізеді.
Себебін анықтау мақсатында кездесуге Қожамжаровты шақырады.
Куәлікке сол кездегі ген прокурор Дауылбаев та тартылған-ды», — деп жазды Ермегияевтің балдызы, Тортуыл (Нұржан) Шоқан.
Оның сөзінше, ресторанның вип бөлмесінде өткен үшеуара әңгіме соңы ренішпен аяқталады.
«—Сенің ЭКСПО басшылығынан кетуіңді үлкен кісілер сұрап жатыр.
Басқа кез келген қызметті аласың, орынды босатқаның дұрыс.. деген Қожамжаровтан, Талғат:
—Үлкен кісілерің кім, Президент пе?
О кісі бұ сөздерді өзі неге шақырып айтпайды? — деген сұрақтарына жауап ала алмаған ол Қожаға бір шапалақ бере ме, бір бәле», — деп жазды ол.
Содан бұл оқиғаға тұздық ретінде Талғаттың казинода отырған видеосы Назарбаевқа көрсетіліп, Талғатқа қарсы травля басталады.
«Әуелі Мәжіліс спикері Нығматулин 4-5 депутат атынан президент атына хат ұйымдастырады да, бұл хат бұрышына Назарбаев «антикор тексерсін» деп бұрыштама соғады.
Алғашында «ЭКСПО» дан 10 млрд теңгені жеп қойды деп ашылған қылмыстық іс дәлелденбей, соңғы сумма, Қожамжаров айтқан 4 млрд теңгеге подгон жасалынады.
ЭКСПО-ға алғаш бөлінген 50 млрд теңгенің 18 млрд алып алған Назарбаев, бұл шығынды Талғаттың мойнына әу баста-ақ ілмек болады.
Ондағы ойлағаны, қара жұмыстарын енді бітірген Ермегияевты ЭКСПО басшылығынан алып тастап, болашақта бөлінетін 500 млрд теңгені өз қалтасына игеру үшін өз адамын қою еді…», — деп жазды Нұржан Шоқан.
Қолдан ұйымдастырылған қылмыстық іс 540 томды құрайды. Алайда тергеушілер, бар күнәсі ЭКСПО басшылығынан өз еркімен кетпеген Талғат ісінен ірі қылмыс таппайды.
«Тек ЭКСПО ТЭО-сын жобалаушы компания басшысы, әріректе басқа қылмыстары үшін антикорға «байланып қалған» Орал деген кемпірден қажетті показания алады.
Мұны тағы Талғаттың көмекшісі Саяттың берген күәлігі арқылы қуаттайды. Жеп қойғаны туралы жалған дәлелдердің бірін де мойындамаған күйі Тәкең 14 жылды арқалап кете барды. Тергеу амалдарына көмектесіп бастап, кейін қашып кеткен Талғаттың күзетші-шоферын жасырдыңдар деген айыппен бізді қамады.
Бар жазығымыз — ағамыздың ақталуына көмектеспек болғанымызда ғана.
7 ай Сейфуллин көшесіндегі «старушкада» өткізген өмір 7 томдық кітапқа арқау болардай оқиғаға тола-ғой, шшсс», — деген ащы кекесінмен аяқтаған жазбасын Нұржан Шоқан.
Еске салайық, бұрынғы спорт министрі, «Астана ЭКСПО-2017» компаниясының экс-төрағасы Талғат Ермегияев 2016 жылы маусымда 14 жылға сотталып, жазасын қатаң режимдегі түрмеде өтесін деген үкім шыққан.