Тойда тост айтпай қалсаңыз…

0
186

Танымал сазгер әрі ғалым-ұстаз Бекжігіт Сердәлі әлеуметтік желідегі парақшасында той үстінде тілек айтпадым деп ренжитін адамдарды сынап тастады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол жақсы сөз айту үшін белгілі біл себеп керек емесін айтады.

«Байқаймын, тойда сөз тимеді деп бұртиып қалатындар көп. Болмаса сөйлеуім керек деп, асабаға ренішін айтып, жұрттың алтын уақытын алатындар да кездеседі.

Микрофонды жұлмалап сұрап алып, «не десем екен» деп, қайдағы мен жайдағыны айтып тұрып алатын езбелер де аз емес.
Осыларды айтам да, жақынына жақсы сөз айтқысы келсе, той күнін күтпей-ақ, жанында жүр ғой, жай күндері де көшеде тоқтатып алып рахаттанып айта бермей ме?» — деп жазған ол.

Фото интернеттен алынды.