Трамптың бір сөзі Нұрлан имамды ерекше күйге бөлепті

Танымал имам Нұрлан Байжігітұлы АҚШ-тың астанасы Вашингтонда өткен қайырымдылық таңғы асына қатысты. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Іс-шарада АҚШ президенті Дональд Трамп сөз сөйлеген. Нұрлан имамның жазуынша, Трамптың сөзі ерекше әсер еткен.
«Америка Құрама Штаттарының 45-ші және 47-ші президенті Дональд Трамп мырза қайырымдылық шарада сөз сөйледі. Ең ілері «Құдайым мені атқан адамға өлтіртпей, сіздердің алдарыңызға шығаруы, бұл елім үшін сый әрі менің көп дүниені жақсы жағына өзгертуіме себеп» деп айтқаны.
Бұл сөзін Вашингтонда тап менің алдымда айтқаны маған үлкен әсер берді. Отырған орным да тура алдына түскен екен. Қасымда Армения, Косово, Украина және т.б. мемлекеттің президенттері отырды.
Түйгенім: еліміздің әрбір азаматы аманатты сезініп, ісіне адал, жүрегі таза, Отанын шынайы сүйіп қызмет етсе, біздің де алға басар қадамдарымыз қарыштайтынына сенімім мол ағайындар», — деді Нұрлан Байжігітұлы.
Фото интернеттен.