Түлектер министрліктің үстінен арыз түсірген
Биыл мектеп түлектері Ғылым және жоғары білім министрлігінің үстінен 22 арыз түсірген. Бұл туралы министр Саясат Нұрбек мәлім етті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
«Қазір Астана әкімшілік сотында бір ғана іс қалды, 19 қыркүйек күні бірінші отырысы өтеді. Бірақ сол сотқа берген талапкер Нархоз университетінің грантын да, мемлекеттік грантты да алған. Сондықтан соттың шешімін күтеміз», — деді ол.