Түнімен ұйықтай алмай шықтым» деген жазбасымен әнші Сәкен жұртты ойлантып қойды
Әнші Сәкен Майғазиев өзінің Инстаграм парақшасында бір жазба қалдырып, оқырманын ойлантып қойды деп жазады Democrat.kz.
“Шаршадым», «Мазам болмай жүр», «Түнімен ұйықтай алмай шықтым», «Проблемам бітпей кетті», деген сөздерді лексиконымыздан (сөздік қорымыздан) алып тастайық.
Өйткені, біреудің басындағы ауыртпалықты біреу дәл сол адамдай сезіне алмайды. Ғалымдар зерттеуі мынадай статистикаға сүйене отырып, мынадай кеңес ұсыныпты: “Проблемаңды ешкімге айтпа, олардың 50 % -на ол қызық емес, ал 50 % сенде проблема болғанына қуанады”. Пажалыстаңыз.
Иван Тургеневтің: “Қандай қиындықта да күмәнсіз басыңды сүйейтін екі иық бар, екеуі де — өзіңдікі“, — деген екен.
АЛЛА тағаланың бізге өзіміздің күре тамырымыздан да жақын екенін естен шығармайық» — деп жазды Сәкен Майғазиев.
Әншінің бұл жазбасына оқырмандары «өте дұрыс!», «үлкен ой салатын жазба екен», «проблема бітпейді ғой», «орынды айталған екен» деп пікір жазуда.
Фото интернеттен алынды.