Түрлі ұттың киімін киген мұғалімдерді «Алғыс күнінде» «адастырған» кім?

Қазығұрт Ауданы, Ішкі саясат бөлімінің басшысы Аян Кошкинбай, Қазығұрт Ауданы Білім Бөлімі 1 наурыз-Алғыс айту күніне байланысты өткізілу керек болған іс-шараға Ассамлеяның 30 жылдығын қосып қатырыпсыздар ғой, иә?
Алғыс айту күнінің мән-мағынасын білмей ме, әлде қажет емес пе —ол жағы түсініксіз, іс-шара керісінше бағытта өрбіпті.
Білім бөліміндегі Гүлсара ханымға жүктелген болуы керек, неше күннен бері әр мектептен ( өзге ұлттар жұмыс жасайтын ) 10 мұғалімнен әр түрлі ұлттың киімін киіп келуін, киімі жоқ болса прокатқа алуын тапсырған.
Ол қызметкерлер педагог мәртебесі заңының 6-бап, үшінші тармақшасын елемей Гүлсараның пәрменімен іс-шараға қатысты.
Іс-шара екі бағытта болу керек болған.
Біріншіден, Алғыс айту күні бойынша өзге ұлттар қазақ халқына өз ризашылықтары мен құрметі көрсетілу керек. Бұл іс-шарада аудан әкімі тағы сол сияқты атқа мінерлер (барған қызметкерлеріміз атын атап, түсін түстеп бере алмады) керісінше өзге ұлттарға алғыс хат берген.
Екіншіден, Қазақстан халықтар ассамблеясының 30 жылдығына орай өткен іс-шарада тек бір ғана мектептің мұғалімдері марапатталған.
Ол мұғалімдер- Тураб Тула мектебінің қызметкерлері. Себебі, бұл мектептің директоры Сабитов Жавлон-осы ассамблеяда төраға, депутат. Ал, біздің мектептің директоры төраға да, депутат емес те, өкінішті. Басқа мектептердің де директорлары сондай…
Бір ауданның атқамінерлері Жавлонның жетегінде кетіп, іс-шараның негізгі мақсатын және заңды бұзды.
Маржан БАИМБЕТОВА, білікті ұстаз.
Facebook жазбасы.
Фото автордың парақшасынан.