Ұлттық құрылтай қазір Қазақстанның ішкі саясатын жаңа бағыт-бағдар беретін дискуссия орталығы болып тұр

Кейінгі жылдары елімізде шешім қабылдауда дәстүр қалыптасты: жыл басында президент сұқбат береді. Наурызда Ұлттық құрылтай өтеді. Қыркүйекте Жолдау жасалады. Яғни, бір жылдағы жоспар жыл басында айтылады. Көктемде жоспар пысықталады. Күзде атқарылған шаруаны қорытындылайды…
Президент баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың хабарлауынша, биылғы Ұлттық құрылтай 14 наурызда Бурабайда өтпек. Онда президент сөз сөйлеп, сарапшылар ұсыныстарын айтады екен…
Жалпы, бұған дейінгі үш құрылтай да қазақ мемлекетінің орнығуында маңызды рөл атқарған аймақтарға байланған: Ұлытау, Түркістан, Атырау (Сарайшық). Ендігі кезек — Бурабайда. Бұл аймақтарда Қазақ хандығының орталығы болған.
Ұлттық құрылтайда халықтың көкейкесті мәселелері мен күрделі түйткілдер көтерілді. Соған сәйкес қаншама заң қабылданды.
Қоғамда ұзақ уақыттан бері талқыланып жүрген тұрмыстық зорлық-зомбылықты азайту бойынша, әйелдер құқығы, бала құқығ бойынша нақты шешім жасалды.
Жаңа заңға сәйкес, ендігі жерде ұрып-соғу азаматтық кодекстен қылмыстық кодекске алмастырылды. Педофилдерге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Кезінде Қазақстандағы бірнеше облыс бірігіп кеткен еді. Сол кезде мұны әкімшілік жетілдіру ретінде түсіндірген.
Алайда бұл шешімнің кесірінен бұрынғы облыс орталықтары назардан тыс қалып, көп жағдайда қаржы жетпей жатты.
Бұрын гүл-гүл жайнаған ірі қалалар азып-тозып кеткен-ді. Осы олқылық Ұлттық құрылтайда талқыланып, кейін Абай, Ұлытау және Жетісу облыстары құрылды. Бұл аймақтарды дамытуға серпін береді.
Сол секілді Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтару туралы ұсыныс та Ұлттық құрылтайда айтылды. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы да осы құрылтай кезінде әңгімеге арқау болған. Түркістандағы «Әзірет-Сұлтан» музей-қорығына ұлттық мәртебе берілді.
Ұлттық құрылтай халықтың мұң-мұқтажын жинап, оны талқыға салатын ашық әрі алаңға айналды. Ұлттық құрылтай қазір Қазақстанның ішкі саясатын жаңа бағыт-бағдар беретін дискуссия орталығы болып тұр.
Ораз ӘЛІМБЕКОВ, журналист.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін.