Үш өңірде арзандады: Қазақстанның қай қалаларында пәтер бағасы төмендеді

0
70

Наурыз айының қорытындысы бойынша Қазақстанда қайталама тұрғын үй нарығында пәтер бағасы біршама төмендеді.

Танымал жылжымайтын мүлік сайтының мәліметінше, 2024 жылдың қыркүйегінен бастап тұрғын үй бағасы айына орта есеппен 1%-ға қымбаттаса, қазір өсім небәрі 0,4%.

Елімізде пәтер құны Тараз мен Қостанайда – 2,2%-ға, Ақтөбеде – 2,1%-ға жоғарылады.

Ал ірі қалаларда керісінше баға төмендеді. Мәселен, Шымкенте жылжымайтын мүлік нарығындағы шаршы метрдің құны – минус 2,7% болды. Алматыда пәтерлер 0,6%-ға, Атырауда 0,4%-ға арзандады.

Бірақ бір жыл ішінде баспананың орташа бағасы 6 пайызға өсті. Жылдан жылға баға төмендеп келе жатқан жалғыз қала Қарағанды, онда пәтерлер 1,4%-ға арзандады.

Елдің басқа елді мекендерінде өсім байқалады. Мәселен,  Ақтау қаласында жылжымайтын мүлік бағасы 17,8%-ға өсті.

Астана, Орал, Петропавл және Қостанай қалаларында өсім 9,4-тен 11,3%-ға дейін болды. Алматыда қайталама тұрғын үй құны бір жылда 4,2%-ға, Шымкентте 6,2%-ға өсті.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық статистика бюросы 2025 жылдың ақпан айындағы Қазақстандағы тұрғын үй бағасының индексі мен құны туралы мәліметтерді жариялаған еді.