«Жаңа адамдар» тағы бір педофилді ұстады
Әлеуметтік желілер балалар мен жасөспірімдердің өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Бүгінде бұл алаңдар өскелең ұрпақ үшін үлкен қауіп төндіреді.
Өйткені, кезекті сөйлесушінің айыпсыз аватарының артында педофил мен азғын жасырынуы мүмкін. Жаңа адамдардың «124» азаматтық науқанының белсенділері Желіде үнемі әлеуметтік эксперименттер жүргізіп, осыған көз жеткізеді, деп хабарлайды democrat.kz тілшісі inbusiness.kz порталына сілтеп.
Бұл үшін 12 жасар баланың атынан түрлі әлеуметтік желілерде профильдер ашылады. Арандатушы фотосуреттер мен жазбалар жоқ қарапайым парақша ересек ер адамдардың назарын тез аударады.
Қысқа хат алмасудан кейін мұндай адамдардан жеке кездесуге ұсыныстар жиі түседі.
Солардың бірі, Желіде өзін «Бека Хан» деп таныстырған азғын, «баланың» жасын білді және кинозалда кездесуді ұсынып, бұл хат алмасуды құпияда сақтауын өтінді.
Алайда, 12 жасар қызбен «кездесудің» орнына «Бека Ханға» бұл жағдайды «124» азаматтық науқанының шымыр белсенділер командасына түсіндіруге тура келді.
Мұндайды күтпеген педофил бірден қылмыс орнынан қашуға асықты. Алайда, жасырыну әрекеттері сәтсіз аяқталды. Кәмелетке толмаған қыздарға әуейі кинозалдан шығып, «қарабет дәлізіне» тап болды.
Басынан аяғына дейін ақ субстанцияға малынған ер адам басынан және бетінен резеңке заттармен алған соққыларды өмірінің соңына дейін есінде сақтайды.
Айтпақшы, педофилдің жүзі сыртқы бақылау камераларына түсіп қалған. Бұл суретке мұқият қараңыздар. Бәлкім, сіздер бұл адамды танитын шығарсыздар. Ол сіздің көршіңіз, әріптесіңіз, досыңыз немесе тіпті туысыңыз болуы мүмкін.
Егер сіздер бұл адамды танысаңыздар немесе оның жеке басын ашуға көмектесетін ақпарат болса, бұл туралы Жаңа адамдарға жеке хабарлама арқылы хабарлаңыздар. Анонимдікке кепілдік беріледі.
Балалардың қауіпсіздігі — барлығымыздың міндетіміз. Біз мұндай азғындарды әшкере етіп, олар туралы ақпаратты елдің әрбір тұрғынына жеткізу үшін бар күшімізді салуға тиіспіз.
«Жаңа адамдар» баспасөз қызметі.