Жанәбіловтердің 12 жылдан кейінгі қымбат тойы сынға қалды

0
46

Танымал блогер Ерболат пен Эльмира Жанәбіловтер заңды некеге отырғаннан кейін арада 12 жыл өте той жасады.

Той Алматыдағы қымбат қонақ үйдің бірінде өткен. Олардың тойларына тек танымал блогерлер ғана қатысқан. Бұл тойды блогер Ерболаттың өзі ұйымдастырған. 12 жыл бұрын блогерлер бас қосқанда үйлену тойын өткізуге ақшалары болмаған екен. Кейін олар инфобизнеске келіп,  қыруар табысқа кенелген. Екеуінің үш ұлы бар.

Екі блогердің үйлену тойында ресейлік әнші МОТ, Қазақстандағы жұлдыздар — Қайрат Нұртас, Ninety one тобы, Қазыбек Құрайыш және Әміре өнер көрсетті. Күні кеше әлеуметтік желіде блогерлердің бәрі дерлік Жанәбіловтердің тойынан контент таратқан еді.

Алайда, қарапайым оқырмандар бұндай тенденция тек дарақылық екенін айтып жатыр.

«Осы торттың ақшасын жетім-жесірге берсе, сауабы мол болатын еді.  Обал болды ғой», — деп жазған олар.