Жаназада дорба тарату — сыйластық па, ысырап па?

Кең байтақ еліміздің оңтүстігі мен батысының ,теріскейі мен шығысының өздеріне тән атам заманнан келе жатқан салт дәстүрлері барлығын жақсы білеміз және оны өзгертуге тырысу дұрыс емес ,бірақ өз өңіріңдегі әдеп ғұрыптарды өзгеге енгізуге тырысу да мүлдем дұрыс емес.
Кәзір батыста бұрын көп болмаған келген қонақтың бәріне сыйлық үлестіру әдетке айналды ,сол сияқты қонақтарда құр қол келмейтіні түсінікті жағдай ,оған қарсылығымыз жоқ ,сыйластықтың белгісі деп қабылдадық.
Ал енді уақыт болған адамға дұғаға келгендерге пакет үлестіргенді көріп ойланып отырғаным.
Ішінде не барын білмеймін және әзірге тек өздері ерекше сыйлайтын достарына ,құда — құдағайларға ,алыстан келген ағайындарына таратып жатыр деді.
Қандай істе жақсы ойдан басталып ,арты бүкіл көңіл білдірушілерге пакет таратуға айналып кетуі мөмкін ,ол жағдайда келген адамдарда құр қол келмеуге мәжбүр болады.
Қаралы үйден тамақ ішуді қойғыза алмай жүргенде мына әрекет мүлдем қажеті жоқ әдет екенін халыққа түсіндіріп айту керек .
Өткенде сәлем салуға қарсы болғанымда өзге өңірдің әдет -ғұрпы бізге таралмасын деген ой еді ,оны әркім әр түрлі түсініп жатыр .
Өз салтымызды ұстанайық ағайын ,ата -баба дәстүрлерінде бақ — береке барлығын өмір дәлелдегенін ұмытпайық.
Жаңа жастарыңыз құтты болсын ,жақсылығы мол ,қуанышы көп болсын !
Әбдібек БИСЕНТЕГІ, қоғам белсендісі.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін.