Жасанды интеллект мұғалімнің көмекшісі болады
Azattyq-ruhy.kz сайтының Ютубтегі арнасына сұхбат берген Оқу ағарту министрі Ғани Бейсембаев жасанды интеллект туралы айтып өтті деп жазады Democrat.kz.
«Мұғалім тапшылығы бар. Балаларға сапалы білім беру мақсатында цифрлық шешімдерді енгізуді де қолға алып жатырмыз. Бұл — «Цифрлық мұғалім» жобасы. Одан бөлек, жасанды интеллектті енгізу арқылы білім сапасын арттыруды көздеп отырмыз. Жасанды интеллект — мұғалімнің таптырмас көмекшісіне айналып, оқушының жеке даму траекториясына мүмкіндік беретін, оқушы мен мұғалім арасындағы байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін керемет құрал ретінде қарастырып отырмыз», — дейді Ғани Бейсембаев.
Фото интернеттен алынды.