"17-ші бала": Кенжебек Жанәбілов жан сырын ақтарды

"17-ші бала": Кенжебек Жанәбілов жан сырын ақтарды

«МузАрт» тобының әншісі Кенжебек Тұрсынбайұлы қасиетті Меккеден жазба жариялап, ата-анасын еске алды, деп жазады Democrat.kz.

Өнер иесі бұл сапарға бауырымен бірге барғанын айтты.

«Әкемнен 4 жасымда, анамнан 17 жасымда, ерте айырылғандықтан, олардың үмітін ақтай алдым ба, білмеймін… Сол кісілердің атынан ниет етіп, осы киелі мекенге @maksito.muzart-пен келдік. Баршаңызға дұға жасадық. Алла қабыл етсін», – деп жазды әнші.

Жалпы, Кенжебек Жанәбілов отбасында 17-ші бала екеніні біреу білсе, біреу білмес. Бұл туралы Кенжебек: «Қазір бізден он бала қалды. Барлығымыз бір әке мен бір анаданбыз. Анам ас дайындағанда бір қап ұн аптасына жетпейтін», — дегені бар. 

Барлық жаңалықтар