Қызылорда облыстық жастар орталығының 39 маманы бір күннің ішінде жұмыссыз қалды,- деп жазады Democrat.kz. сайты Opennews.kz ақпарат агенттігі.
27 ақпанда Жаналиевтің облыс әкіміне жолданған бір қызметтік хаттың негізінде 5 наурызда аймақ басшысының қаулысы шыққан көрінеді. Бірақ көрінеді дейтініміз бекер емес. Себебі сол қаулыны қызметкерлер тек сәуір айында ғана көреді. Сонда бұл қандай шешім? Халықтан да, қызметкерден де жасырын қабылданатын жабық саясат па?
Жауырды жаба тоқу жараны жазбайды. 1 сәуір күні басқарма басшысы Р.Каюповтың қатысуымен өткен жиналыста 44 маманның 39-ы қысқаратыны айтылған. Бірақ ешқандай нақты негіз, ешқандай ресми түсіндіру жоқ. Қарапайым тілмен айтқанда бүгін барсың, ертең жоқсың деген әңгіме ғой.
Тек 13 сәуірде ғана оптимизация емес, нақты қысқарту екені белгілі болған. Ал енді заң қайда? Тәртіп қайда? Заң – бәріне ортақ деуші едік. Ендеше неге бір ай бұрын ескерту берілмеген? Қысқаратын лауазымдар ресми түрде көрсетілмеген? Бұйрықпен уақытылы таныстырылмаған?
Бұл сұрақтар жауапсыз қалса, бұл жай немқұрайдылық емес, бұл қызметкер құқығына салынған салмақ. Тағы бір күмәнді тұс шешімнің негізі. Қысқартуға облыс әкімінің нақты қаулысы бар ма, әлде бәрі бір қызметтік хаттың көлеңкесінде шешілген бе? Басқарма өкілдері бұл жағдайдың әкімдікке қатысы жоқ, бұл ішкі шешім дейді. Онда сұрақ одан сайын қоюлана түседі. Аймақ басшысы бұл жағдайдан хабардар ма, әлде біреулердің өз бетінше ойнаған ойыны ма?
14 сәуірде орталықтың міндетін атқарушысы Т. Амануллаева еңбекке жарамсыздыққа кетеді. Бірақ артында орнына адам қалдырмайды. Соның салдарынан тұтас бір мекеме басқарусыз қалады. Ең сорақысы екінші орынбасар Г. Айдарбекова жұмыс орнында бола тұра, оған басқару сеніп тапсырылмаған. Бұл не? Сенімсіздік пе, әлде әдейі жасалған бейберекеттік пе?
13 сәуірде шыққан бұйрықпен қызметкерлер тек 24 сәуірде танысады. Ал сол кезде еңбекке жарамсыздықта жүрген басшы Т. Амануллаева бұйрықпен танысып, қол қойып үлгерген. Бірақ ұжымға жеткізбеген. Бұл қалай болғаны?
Бұл жерде бір емес, бірнеше шындық қатар тұр. Ашықтық жоқ, тәртіп жоқ, жауапкершілік жоқ. Ал ең қиыны осының бәрінің ортасында 39 маман тұр.
39 маман бір сәтте жұмыстан айырылды
Фото интернеттен.
-
Микроқаржы ұйымы қарыз алушыларға ақылы қызметтерді күштеп ұсынғаны үшін тексеріледі13:30, 21 қазан 2026
9
-
Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман елді елең еткізетін мәлімдеме жасады13:00, 21 қазан 2026
43
-
Әнші Атхамбек Юлдашев жұрт білмейтін шындығын ақыры айтты12:30, 21 қазан 2026
55
-
Қазақстанда банктер қарыз алушылардың төлем қабілетін бағалау ережелерін жаңартты12:30, 21 қазан 2026
27
-
«Жалған жүктілік пе?»: Динара Сәтжан туралы жаңа қауесет тарады11:40, 21 қазан 2026
136
-
Алматы мен Астанада доллар бағамы 454 теңгеге жақындады11:30, 21 қазан 2026
35
-
«Мұғалімдер сабақ беруді қойсын!»: Ұстаздың сөзі қызу талқыға түсті10:50, 21 қазан 2026
135
-
Қазақстанда жеңіл автомобиль өндірісі бір жылда 38 пайызға өсті10:30, 21 қазан 2026
42
-
Қазақстанда жол битумының экспортына қойылған шектеу алынуы мүмкін09:30, 21 қазан 2026
77
-
«Анамды бес күн көрмеймін!»: Мұғалімнің баласы министрлікке үндеу жасады09:00, 21 қазан 2026
241
-
-
"Педагогтар арасында ойнастық белең алуда" деген ұстаз дабыл қақты
11:00, 18 қыркүйек 2026
6013
-
Тауманның қайынжұрты: Назарбаевтың жаңа құдасы туралы тағы тың деректер шықты
13:00, 17 қыркүйек 2026
5840
-
"Білім саласын Сүлейменова сияқты басшыдан құтқарыңыз!" деген ардагер ұстаз вице-президентке үндеу жасады
14:00, 02 қыркүйек 2026
4543
-
"Жаназасын шығармасын!": Министр Сүлейменоваға қарсы сұмдық нәрселер жазылуда
10:00, 10 қыркүйек 2026
4258
-
Сәбит Әбдіхалықовтың өз қызының ұзату тойына неге келмегені мәлім болды
12:00, 29 шілде 2026
3868
-
Өмірзақ Шөкеевтің үнсіздігі: Экс-шенеунік туралы жұрт білмейтін деректер қандай?
13:00, 16 қыркүйек 2026
3236
-
"Күйеуімнің көңілдесіне сәлем салып жүрппін" деген келіншек масқара жағдайды айтты
15:00, 24 тамыз 2026
2959
-
"Байлықта шалқыған": Зағипа Балиева туралы ел білмейтін деректер жарыққа шықты
15:00, 15 қыркүйек 2026
2932
-
"Олимптен түсіңіз!": Ирина Смирнова Оқу ағарту министріне үндеу жасады
15:00, 10 қыркүйек 2026
2776