Әлеуметтік желіде ай сайын алатын жалақысын азсынып, қиналып жүрген мұғалімнің жазбасы кейбіреулердің ашуын тудырды деп жазады Democrat.kz.
"Мектепте мұғаліммін, айлығым 430мың. Ипотекам бар 155мың. Коммуналка+рассрочка +50мың.Қалған 200мың 1айға әрең жетеді.
Тек автобуспен жүремін.Мектепте істеп жатқаныма 7-жыл,шаршаап кеттім ожнообразиеден,мұғалім болу 3 ұйвқтасам түсіме кірмеген.Жұмыстан шыққым келеді. 600-700мыңдық зп беретін жер бар ма? Қалай ойлайсыздар стоит па или нет?"деген mr.slmb аккаунт иесі жұрттан оңбай сөз естіп қалды.
"Қуаныңыз! Ипотека 155 ғана. Күйеуім цонда жумыс жасайды 180000 айлық ( айлық өсіп қалар деп Ипотека 390000, машина кредит 320000,ком ус 29000 Редпен тамақ аламыз.
Салонда жұмыс жасаймын 7:00 ден 23:00ке дейін. Киім кешек айтпағанда 4 бала шағам бар ( күйеуім қосымша табады, бірақ тиындап жеткіземіз Астана кун суық. Шукір баспанам бар деп журміз ."
"Жаныым,врачтар 2 участок алса да 400 алмайды. 240 мын 7 жыл окып алады, еңбегіңізді жоққа шығарғым келмейді, бірақ шүкір етіңіз".
"430мың тг медиктерге арман ғой айлық"
"Айлығың 430 шүкір де дейтіндер. 4 жыл оқыды. Опыт жинады, ит болып бәлен жетістік жинап, тест өтіп, қажет болса авторлық программа жазып категориясын алып сондай ақша алып отыр. Еще әр баланың әке-шешесі бар. 4-5сағат тоқтамай сөйлеп көріңдер".
"Зп оклад 700 және тағы "переработка" мен +-200 айлық табысым Дәл сіз сияқты жүрмін мен де, айлықтан айлыққа күн көріп. Шығып кетіп млннан жоғары ақша төлейтін жұмыс табылса соған соған кіріп алуым керек еді деп".
"Шүкірсіздеу сияқтысыз".
Жалпы, біздің елде 430 мың теңге жалақы алу және оған алаңсыз өмір сүру мүмкін бе, сіз бұған не айтасыз?